Өлең, жыр, ақындар

Кіндік қаның тамған жер

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2554
(Фазыл Кәрібжановқа)

Көргенде Нанан ауылы зираттарын,
Жан толқып, көкірегімде жыр баптадым.
Мына жер ескі ауылдың жұрты десе,
Жаттадым құтты әңгіме тыңдап бәрін.
Жасасам үлкендерге ұлы жорық,
Құтты жер кең ашылды сыры толық.
Шіркін­ай, сәтті сапар атар едім,
Толықсам ата­баба нұры қонып.
Фазеке, тусаң Нанан ұлы болып,
Сенімен жайнай түсер сыры толық.
Ержеттің бүкіл қазақ мұңын жоқтап,
Мағжандай ойы менен қырын шолып.
Ауылдың шын қамқоры, қазанатсың,
Еңбегің жазылмаған таза хатсың.
Шаяхметов, Тәшенов арыстарға
Дем берген, ақыл қосқан азаматсың.
Тер төккен Есіл­Көкше ұланысың,
Күш қосқан Қарағанды – қуанышың.
Нананнан Алатауға өрлеп жеткен,
Қазақтың алғыр туған қыранысың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақтаналық

  • 0
  • 0

Сөзі ғибрат тараған хатта қалып,
Асыл аз ба әспеттер жаттап алып?
Ілиястай Сәкенді қатар жүріп,
Шын сүйсініп, сыйлауға сәт табалық.

Толық

Шалғайда құшты қара жер

  • 0
  • 0

Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.

Толық

Бурабайдың қара нары екенсің

  • 0
  • 0

Ескісі өтіп,
Қанат жайса тың ғасыр,
Қайырлы інім,
Елді емдегіш мырзасың.

Толық

Қарап көріңіз