Өлең, жыр, ақындар

Қыз сипаты

  • 09.11.2015
  • 0
  • 1
  • 25502
Бірінші бір қыз келер ақша мандай,
Жамағат - үлкен - кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан - ақ болып дана,
Әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шаhыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып ойнап - күліп,
Сыны жоқ жұмысының ақсағандай.
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,
Жарасар құлағына алтын сырға.
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,
Отырар ағажан деп кәрі - жасты.
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер,
Білініп жүрсе - дағы нәзік жолы.
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ,
Отырар тәуекелге белін байлап,
Көңілі жас - кәріні бірдей көріп,
Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойнына тең келмейді жанның бәрі.
Лайықты өзіне тең таппаған соң,
Кетпейді көкіректен қайғы - зары.
Жетінші бір қыз келер алым - салым,
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.
Әр қашан осындайға кез келеді.
Қашаннан арылмаған соры қалың.



Пікірлер (1)

Дәулет Балтабаев

Ақан серінің "Ақтоқтының зары" атты әнінің сөзі болса, жіберіңіздерші!

Пікір қалдырыңыз

Адамның біліміне ақыл серік

  • 0
  • 2

Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.

Толық

Торыны таң асырып мінген қандай

  • 1
  • 2

Торыны талға байлап мінген қандай,
Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті түрген қандай.

Толық

Заманға қарап

  • 0
  • 1

Болғандай мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар