Өлең, жыр, ақындар

Көлді аңсау

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 492
Туған жердің аспаны мен көліндей,
Көкшіл түсті жақсы көрем (таласпан).
Сәлемім сол келер болсаң ерінбей,
Бір жұтым су ала келші Қанастан.

Көшіп – қонып жүретұғын тауымда,
Сәжде бұлттар Алтайыма жарасқан.
Ескертіп қой ұмытпасын ауылға,
Бір қыз бар деп шегарадан ары асқан.

Туыстарға жалғызсырап жүр деме,
Ағайын – дос таптым талай алаштан.
Оқиды өлең, айтад дерсің бірдеме,
Әр күн сайын мезгілдерде таң атқан.

Қыс қой мынау тоңып қалған жоқ па екен,
Сәлемімді жеткізерсің қайыңға.
Еркелігім туған ауыл жақта екен,
Батып жүр деп айта көрме уайымға.

Ат тұяғы бүлдіргенге боялған,
Құс үнінен оянатын гүл мекен.
Нар ағалар, қарттар таяқ таянған,
Бәрі-бәрі аман-есен жүр ме екен?

Туған жердің ашты ма екен шырайын,
Өрімдей жас ұл мен қыздар баталы.
Сұлу Шоқы қарсы алып үн-түнсіз,
Кетерде үнсіз қалғаны да батады.

Жол білгендер ғана шығар жотаңа,
Жолдар салды деп естідім тегістеп.
Үлбіреген сағыныш ең ботаңа,
Ерімейтін бара жатсың беріш боп.

Таңдай кеуіп аңсаймын да құмартам:
Бір жұтым су ала келші Қанастан.
Лағып кетем, сені есімнен шығарсам,
Ұшаққа ұқсап радардан адасқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Телефон күту

  • 0
  • 0

Естен танды қиялым да,
Жайылмады қанаттарым.
Тілдеспейді ол бүгін маған,
Тезірек өт сағаттарым.

Толық

Қыйын

  • 0
  • 0

Жастығыңда сүрінбей жүру қыйын,
Ертең не боларыңды білу қыйын.
Өзгеріп кетсем мұны ерлік деме,
Азу оңай ,сертіңде тұру қыйын.

Толық

Мұңаймауға тырыс дейсің

  • 0
  • 0

Мұңаймауға тырыс дейсің,
Көзімде жас күліп қайтем?
Саған барар жолдар жабық,
Хал – жайыңды біліп қайтем?

Толық

Қарап көріңіз