Өлең, жыр, ақындар

Өрік гүлдегенде

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1264
Әннен гөрі сезімнің жыры қымбат,
Сақтап қалған жүректің сыры қымбат.
Бізде өрік гүлдеді, биыл тағы,
Дәнінен де, өріктің гүлі қымбат.

Қанатымыз – темір ғой, біздің ауыр.
Ұшқанменен жеткізбес соққан дауыл.
Өрік көрсем гүлдеген, түседі еске.
Гүлден шашу шашатын, сіздің ауыл.

Қалып қойған балалық, өрікті сай.
Көктем келген кездегі, көріктісі-ай.
Сол ауылдың, келетін көктем сайын,
Аман ба екен, уәдеге берік құсы-ай!

Тым көңілді тәңертең, кеште мұңлы,
Алады екен білмеймін, еске кімді.
Тербеледі бақшамда деп тұрғандай:
«Өрік теріп, ұмытпа, өскен ұлды».

Кете жаздап үзіліп мен де кеше,
Майысқанмын сол гүлдей, әлденеше.
Бәлкім біздер мәңгіге гүлдер ме едік,
Мені өсек, оны жел тербемесе…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезімнің сен бе тұрағы

  • 0
  • 0

Жайылған ойдың сенсің көлемі
Жинақталуға келмейтін.
Кешірмемнің де сенсің дерегі,
Мен өлсем дағы өлмейтің.

Толық

Сәскеде түскен сәулемін

  • 0
  • 0

Барып қайтамын ойменен,
Кешегі өткен күніңе.
Айналсам деймін кейде мен,
Көне таныстың біріне.

Толық

Түн еді

  • 0
  • 0

Түн еді келе жаттық ыйықтасып,
Шашыммен жел ойнайды тійіп қашып.
Сол түнде келе жаттық тек екеуміз,
Даламенен қаланы ұйықтатып.

Толық

Қарап көріңіз