Өлең, жыр, ақындар

Тырналар

  • 13.11.2020
  • 0
  • 0
  • 693
Жеткенін күздің естіртіп,
Тырналар кетті тыраулап,
Кеудемде жатқан ескі үміт
Түсетін еді бір аунап.
Сарғаяды екен несіне,
Самарқау жатқан дала бұл?
Тырналар қайтса, есіме
Келеді туған сол ауыл.
Барады ұзап бал дəурен,
Оралмай кеттім ол маңға.
...Əкеміз ескі арбамен,
Кететін күзгі қырманға.
Өтті екен бастан неше күз,
Неше жаз өтті күлімдеп?!
«Өмір-ай!» дейтін шешеміз,
«Өмір-ай!» дейтін күбірлеп.
Секемшіл еді жас жаным,
Келердей суық бір хабар.
Бозамық ауыл аспанын,
Бөлейтін мұңға тырналар...
Ол күндер өтті тым қатал,
(Өткеннен белгі жоқ, сірə).
Ағарды қанша шаш-сақал,
Азайды қанша жақсылар.
Тірліктің соңғы сəтінде
Алқынар жүрек бұлқынып.
Ұзақ бір жолдың шетінде
Қария отыр күрсініп.
Жанымда менің көп сұрақ:
- Кім кетіп, ата, кім қалар?!
- Өмірде байлау жоқ, шырақ...
Барады қайтып тырналар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Апама

  • 0
  • 3

Әр күніңе таң болып күле кірем,
Гүлің болам, бағыңа мың егілем.
Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік,
Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.

Толық

Бозаң үміт

  • 0
  • 0

Мен отырмын көңілсіз,
Сен отырдың тіл қатпай.
Екеумізде тек үнсіз,
Шешілмейтін жұмбақтай.

Толық

Мазалап мені

  • 0
  • 0

Жанымда сыздап жарақат табы,
«Қош!» дедің маған,
Кеттің де жырақ.
Тілейсің білем ішіңнен тағы,

Толық

Қарап көріңіз