Өлең, жыр, ақындар

Тоғысар түбі бағыты бірге

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 540
Тоғысар түбі бағыты бірге,
Сен едің ерке өзенім.
Ақ маржан шашар шабыты гүлге,
Тентек Текестің өзі едім.
Тасты да көміп,
Жарды да көріп,
Жабыққанды жұрт біле ме?!
Екі өзен екі арғымақ едік,
Жарыса шапқан Ілеге.
Қаншама бұлақ тастардан асып,
Тілдесті сенде бай Ілем.
Жұлдызға жуық,
Аспанға ғашық,
Шабыты бұрқы шайыр ем.
Махаббат едің шықтан да мөлдір,
Сағынышы едің сәуірдің.
Талғамы биік бұлттан да зеңгір,
Табиғатыңа ауырдым.
Көзіңе керім түнеген арай,
Мінезі мамыр маралым.
Асығайықшы Ілеге қарай,
Арнама сыймай барамын!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаршаудың азабын

  • 0
  • 0

Шаршаудың азабын,
Торығу дертінде,
Елемес болдым ба шынымен бертінде.
Еркіне ешкім де бағынбас ертеден,

Толық

Қаңтарда піскен таңқурай

  • 0
  • 0

Аңсарым ауды,
Ақылымды алды,
Қаңтарда піскен таңқурай.
Арпалыстырған ақынын мәңгі,

Толық

Ертегі елім, сен ие бай талғамға

  • 0
  • 0

Ертегі елім, сен ие бай талғамға,
Шежіреңді хақым жоқ айта алмауға.
Дала қоңыр,
Осыдан сәл ертерек,

Толық

Қарап көріңіз