Өлең, жыр, ақындар

Сәлем хат!

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1385
(Аттай шап, адаспай тап!)
Сәлем хат! Сәлем гүлім!
Шыңдағы ақ еңлігім!
Есен-сау келемісің,
Құлпыртып әлемді бұл?
Асылым – маржандайын,
Жақсы ма хал-жағдайың?
Хат жазбай кеттің неге?
Жүргенім – енжар, дәйім.
Жанымды саған ұшпақ,
Сағыныш барады ыстап.
Жыр болып жұбанышым,
Отырам қалам ұстап.
Бір сұм ой көзі аларып,
Желкелеп, мазаны алып,
...жә, менде – бәз-баяғы,
Өзіңде не жаңалық?
Көктем кеп қалған шығар,
Тамшы алғаш тамған шығар,
Көк жайлап қара жерді,
Өң ығып талдан шұбар?
Құшатын төс таңдамай,
Айтпақшы, достар қалай?
Күндер-ай, десеңші әйбат,
Бастарды қосқан талай.
Ия, күндер оралмас ол,
Келмеске жол алған соң.
Екеуміз қолтықтасқан,
Түндер де жоғалған сол.
...Не дейін тағы да ұшқып,
Сәлем де бәріне ыстық.
Хат жазып тұрғай, мендік,
Ескеріп, сағынышты ұқ!
Сәлеммен Айманбетов.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен және мен

  • 0
  • 0

СЕН ПЕРІШТЕ, МЕН ПЕНДЕ,
СЕН ПЕЙІШТЕ, МЕН ЖЕРДЕ.
МЕН ПЕРІМІН, СЕН АДАМ,
МЕН БӘРІМІН.

Толық

Ілестім. Жеткізбедің

  • 0
  • 0

Ілестім. Жеткізбедің.
Амалын текке іздедім.
Қалада қыз көп, бірақ,
Дәл сендей жоқ қыз дедім.

Толық

Мен ертең жол жүремiн

  • 0
  • 0

Мен ертең жол жүремiн.
Өзiңнен алыстау үшiн.
Әлдекiмге сал жүрегiм,
Сезiмiн табыстауы үшiн.

Толық

Қарап көріңіз