Өлең, жыр, ақындар

Бәрі де сен жайлы

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1084
Сан түрлі түс көрем бір түнде,
Сан түрлі жыр терем бір күнде.
Бәрі де сен жайлы, құдай-ау,
Дауа жоқ сағыныш шіркінге.

Сен жайлы бәрі де, сен жайлы,
Сал жаным сені аңсап қол жайды.
Уайымдап өзіңді алыстан,
Көңілім әрнені болжайды.

Қайдасың, жаным-ау, белгі бер,
Жоқсың ғой жерлерде мен білер.
Ауа емес тынысым – сен екен,
Тарылып барамын дем жібер.

Болса да бұлақтар өңге мың,
Қуаңдап, өзіңе шөлдедім.
Тіршілік көзі – су біреуге,
Мен үшін тіршілік сен бе едің?

Парақтар жыртылған үстелде,
Ұйқы жоқ, мұңайған құс пенде.
Сән кетті жырдан да көп жаза,
Нәр кетті көп көре түстен де.

Түс көрем сен жайлы бүгін де,
Жазумен өтті бұл күнім де.
Сен мені жоғалтып жүрмеші,
Себебі іздейсің түбінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нөсерлі қаңтар

  • 0
  • 0

Қыс емес пе? Ендеше, жаумай ма қар,
Анау тауға өң беріп, баурайға бар.
Бәрінен де бақтағы талдарды айтшы,
Жамылмаса ақ көрпе жаурайды олар!

Толық

Мен кеттім ескі алаңға

  • 0
  • 0

Мен кеттім ескі алаңға,
Ескі алаңда ескірген ресторан бар.
Сүйіктімді оралмас еске алам да,
Сыралатып қайтамын кеш таманда.

Толық

Жаңбырлы түн

  • 0
  • 0

Барар жер жоқ, сезбесе екен күйімді ел,
("Өз-өзімді" қуғам кеше үйімнен).
Жаңбырлы түн.
Аспан жатыр шатынап,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер