Өлең, жыр, ақындар

Көшкен бұлт. Көңіл

  • 16.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1073
Бұлтпен бірге көңіл көшіп барады
Өмір өтіп, естелігі қалады.
Аппақ қудай шалды көріп кім ойлар
Көкке қарай қолын созған баланы.
Еліктейтін Тарлан атты Тарғынға
Бала кезде жатып алып шалғында
Ақша бұлттан қайдан келе жатсың деп
Сұраушы едік, не күтед деп алдыңда?
Қара бұлттай нөсерлетіп төгуші ек,
Бұйра бұлттай ұшып кете беруші ек.
Бір құпия сыр бар ма екен осында
Біз де кейде бұлт секілді көрінсек?!
Шексіз аспан аялаған еркем деп
Керуен бұлттар бүгін бар да ертең жоқ.
Бұлтсыз аспан жұртсыз жердей көңілсіз
Бұлт көшеді көктің жүзін көркемдеп.
Бізден сәлем жеткізердей алысқа
Асығардай жауап әкеп берсем деп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Будапешт

  • 0
  • 0

Бірі – Буда, бірі – Пешт,
Тура қонған ұлы көш,
Екі жаға жайлаған,
Бір – біріне көңлі хош!

Толық

Төрттаған

  • 0
  • 0

Тағдыр бізге тартады неше түрлі табағын,
Қабыл алмай қайтерсің, бар ма басқа амалың?
Ертең күлкі ұялайды, бүгін түссе қабағың,
Кім бар екен түбін бойлап, ұққан өмір сабағын?

Толық

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін

  • 0
  • 0

Таба алмай жүрген бейбақ өз биігін,
Бұйығы белге салған көз қиығын,
Өзегі өртенумен өте берген,
Ілгенше иығына бөз киімін,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар