Өлең, жыр, ақындар

Саятшылық

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 772
Ақ қар басқан Алатау қатпарлары.
Әсем қандай, арайлап атқан таңы.
Мың құбылған қысы бар, қандай әсем,
Желтоқсанда, қаңтарда, ақпандағы.
Таң нұры маңдайымнан сүйіп мені.
Күн нұрын жасыра алмай, биіктері.
Сайында елік қашып, ышқырынып,
Қырында шөп оттап жүр киіктері.
Бағдарлап дүрбі салып бар шаманы.
Аң-құсын жасырады аршалары.
Астымда қара төбел азынайды,
Бұлқынады білінбей шаршағаны.
Ит-құстар қарда ізін шимайлатқан.
Қара түнде жол тарттым тумай ақ таң.
Тәңірі бар көкжалдар ақылды екен,
Тау асып жоғалыпты құдай атқан.
Қиянат жасама деп – шариғатта,
Адам үшін жаралды-ау табиғат та.
Бір топ киік қыраттан үрке қашты,
Таң қалып тұрғанымда табиғатқа.
Аңшыға сездіргендей анық жайды.
Емге дәру шау қарға қалықтайды.
Бір топ ұлар үдере ұшып кетті,
Жау көргендей, жүрекке салып қайғы.
Атымды жетектеп ап, жетегіме.
Таудың түстім ақырын етегіне.
Алдымнан сұлу елік тұра қашты,
Сенетіндей қуалап жетеріме.
Қасымда ағам еді білікті, епті.
Тау заңын ұғынбаппын, біліп кепті.
Табиғатқа тамсанып тұрғанымда,
Бір шілді, бір қаршыға іліп кетті.
О Жаратқан,
Пендеңді кешір енді.
Тауып жеймін бұйырған несібемді.
«Қасқыр» болу жат маған «Тағы» болу,
Алдыңнан тартып жейтін несібеңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатым дейді

  • 0
  • 0

Қатым дейді,
Мен оны да білмеймін.
Деген жұрт жоқ – дұрыс, бұрыс бұл мейлің, –
Құран үнін жүрегіммен тыңдадым,

Толық

Ойлаған мендей болсын бала қамын

  • 0
  • 0

Ойлаған мендей болсын бала қамын.
Өскейсің,
Өркендеші балапаным.
Әкемнің ұлымын деп күнде айтасың,

Толық

Ешкімді...

  • 0
  • 0

Бір сезім тұнып іште,
Шеріндей ұлы Абайдың.
Қайғым да мұңым іште,
Ешкімді сынамаймын.

Толық

Қарап көріңіз