Өлең, жыр, ақындар

Тау бөктері

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1268
Тау бөктері,
Мамыр айы, ұнап тым.
Тыныс алдым жағасында бұлақтың.
Таңмен бірге қауыз жарған еңілікгүл,
Арасында қымсынады құрақтың.
Тобылғысы шашақ шашып, гүлденіп.
Жоталары қызыл арай түрге еніп.
Су бойында сұлу қыздай ақ қайың,
Деп тұрғандай, «Кетпедің бе бір келіп?»
Қызғалтағы, сарғалтаққа ұмсынып.
Мамыражай маужырайды күн шығып.
Кәрі талдың бұтақтарын жел тербеп,
Кәрі шырша тұрғандай ма күрсініп?!
Ақ жібектей гүлге оранып долана.
Тобылғысын қамшы етейін, бола ма?
Мен өскен жұрт,
Мен өскен тау осы жер,
Қайта оралар мекенім де сол ара.
Нәрін алып,
Таңда түскен шықтан да,
Қозықұйрық биыл ерте шыққан ба?
Бар дүниені кетем бір сәт ұмытып,
Жасыл жайлау қыр басына шыққанда.
Сағындырды жота, тауың, белесің!
Сұлулығын келіп көрші, сенесің.
Сағынышпен өлеңімді арнайын,
Туған жерін ұмытыпты демесін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 0

Көктем кетті,
Жаз да өтті, тағы күз.
Оған неге таң қаламыз тағы біз?!
Сол жүректің түкпіріне тығылып,

Толық

Жұмахан ағама!

  • 0
  • 0

Сұрайтын жан емес ек жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай хор қызың өсіп-өніп,
Күйеу бала болсыншы бәйтерегің.

Толық

Балама сыр

  • 0
  • 0

Өмір мынау,
Қалтарыс жол бұралаң.
Сынақ тірлік, шыңдалсын деп, сынаған.
Көп ішінде ібілістер жүргенде,

Толық

Қарап көріңіз