Өлең, жыр, ақындар

Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды

  • 08.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды,
Жан дертімді емдемегеніңіз ұнайды.
Тартылыстың таңғажайып заңына
Бойұсынып,
көнбегеніміз ұнайды.

Тіл беземей,
Күнәдан пәк балаша
Қызық,
әрі бұзық болған ұнайды.
Һәм қызармау –
Қолдарымыз жанасса,
Жасыра алмай жалын атқан сыңайды.

Тағы ұнайды
Мені балап мүсінге,
Аймаласа басқа жанды шын еріп.
Сол адам мен болмағаным үшін де
Қинамаңыз
тозақ отын жіберіп:

Кеткеніңіз үшін мені ұмытып,
Аққанымыз үшін бөлек арнамен.
Екеумізге,
жан-жүйені жылытып,
Шырқалмаса құдай жайлы мәңгі әуен.

Ризамын өзіңізге өлгенше:
Сүйгеніңіз үшін мені,
білместен.
Күндер үшін –
Асықпаған көргенше,
Түндер үшін –
Тыныштықпен тілдескен.

Айлы түнді ағарып,
кезбегеніміз үшін де,
Ортақ өмір шуағын сезбегеніміз үшін де –
Жарық күнді мен демегеніңіз үшін де,
Жан дертімді емдемегеніңіз үшін де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне

  • 0
  • 0

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне,
Ұшты-күйлі сіңіп кеткен бәрі де.
Ғайып болар күнім келер менің де,
Мына әлемнен мәңгіге.

Толық

Менің балаң жырларымның

  • 0
  • 0

Менің балаң жырларымның
Мәреге –
Ақындыққа бастаған,
Найзағайдың жарқылындай

Толық

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа

  • 0
  • 0

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа,
Тереземнің алдындағы қос ағаш.
Ағаш – кәрі,
үй де көне,

Толық

Қарап көріңіз