Өлең, жыр, ақындар

Сен несіне мені сонша әуре еттің?

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1237
Сен несіне мені сонша әуре еттің?
Әлеміңе мас боп кіріп, сау кеттім...
Сені сүйген мына жүрек жау маған,
Мен өзіме өзім келген нәубетпін.
Бұлтыңменен будандасып ұшқанмын,
Қадалмашы кірпігіме құшқан мұң.
Құстардың да құштарлығы қасірет,
Мен өзіме сенен де өткен дұшпанмын.
Ұшу үшін жаратылған құс едім,
Шырғаңызға өзім келіп түсемін.
Құса емін таба алмадым сондықтан,
Өзіңізді у секілді ішемін...
Мұңды желді босатайын еркіне,
Мұңды жырды босатайын еркіне
Аз ғана сәт аялдай гөр дертіме,
Аялдашы өзің қойған өртіңе...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бекзада мұң

  • 0
  • 0

Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.

Толық

Сен кетесің

  • 0
  • 0

Сен кетесің. Кетер бірге жел сөз де!
Жалғыз досым жел қалады ел кезбе...
Сен кетесің. Күндеуші де жоғалар...
Күн қалады тек шуағы ғана бар.

Толық

Сүю де бір, өлу де бір, о, тоба

  • 0
  • 0

Аждаhадай мен жұтып жатырсын!
Өлтір мейлі, жалқы және жақынсың.
Қасіретіңе ала кетші тастамай,
Нәубетіңе іздеп барам, шақыр шын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер