Өлең, жыр, ақындар

Адасқымыз келгені қалай болды?

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1286
Аяз, әлде, өмір ме? Қауып алды...
Ашық тұрған әлемді жауып алдым.
Құлпы салдым жүрекке тарс бекітіп?
Сонда мені сен қалай тауып алдың?
Қалай кірген жүрекке аңқымаңыз?
Қарашы енді, мен үшін әр күн аңыз.
Бойыңызда бір мін жоқ, қайран қалам,
Мені шексіз сүйесіз – бар күнәңіз...
Қасіреттің білсем де қатты етерін?
Мұңның сонша білмеппін тәтті екенін.
Қайдан келдің адасып, бақыт құсы?
Мен үшін де белгісіз нақ мекенің.
Ернім тиіп көңіліңнің бұлағына,
Шүпірлеген шомылдым шуағыңа.
Басқа жанмын...
Мен сонда қайда кеткем?!
Адам, айтшы, қайтадан туады ма?
Сіз де, біз де еңсердік талай жолды.
Түнек шығар дегенім арай болды...
Әркім өзін іздеп жүр... ал екеуміз...
...адасқымыз келгені қалай болды?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай айтшы көтереді еңсені?

  • 0
  • 0

Қалай айтшы көтереді еңсені?
Гүл көзімен сүю, тәйірі, не теңім?
Күте-күте шаршағанда мен сені
Тұрамын да гүл суғарып кетемін...

Толық

Өлгім келеді!

  • 0
  • 0

Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Тек сені ғана көргім келеді!
Қаңғырып жүрмін, қарашы маған,
Қажет пе саған желдің дерегі?

Толық

Жүректерді шашып ойнар Ару Күз

  • 0
  • 0

Жүректерді шашып ойнар Ару Күз,
Жапырақтар ауыратын шығар, ә?
Неге сонша махаббатқа зәруміз?
Неге сонша күй кешеміз дүбара?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер