Өлең, жыр, ақындар

Аспан

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1040
Менің тым зеріккен мұңым —
О, бәлкім, қыр асқан ғалам.
Беу, шіркін, неліктен бүгін
Ұқсайды мына аспан маған?

Мына аспан мөлдіремейді,
Бейне сұр қорғасын кеме.
«Бұлттарымт оңды» демейді,
Тоңды ғой, тоңбасын неге?

Сәулесіз бұл нендей ғалам,
Қиылып қарамайды Күн.
Тырсиды нұр бермей маған,
Оу, неге тарамайды мұң?

Жоғалды бұла таңдарым,
Мен — бүрсіз құба талдаймын.
Аспанды жұбата алмадым,
О, тіпті жұбата алмаймын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бөлмелестер

  • 0
  • 0

Есік ашық шыққанға, кіргенге де,
Бес азамат тұрамыз бір бөлмеде.
Қиялымыз сияқты бесеуміздің
Бес құрлықты айналып жүрген кеме..

Толық

Сыйлық

  • 0
  • 0

Көкем сыйға үш шар берді,
Үш әріпті жаздым оған!
«А-н-а» деген сөзді көрді,
Алғыс айтты анам маған.

Толық

Анаң келді

  • 0
  • 0

«Айналайын, күнім!» – деп,
Анаң келді күлімдеп:
Алақай-ау! Алақай!
Ал қуанғын, балақай:

Толық

Қарап көріңіз