Өлең, жыр, ақындар

Пешене

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 927
Періштелер жазып отыр мықты өлең.
Мықты өлең де тәмам болар, нүктемен.
Мың нүктелер ой түзеді күтпеген,
Сөз түзеді бітпеген...
Ғажайып па?
Ал ғажайып,
Сенбеген соң, бара жатыр азайып.
Сен екеуміз бәрін қолдан жасайық!
Пешенеге жазылмаған тағдырды,
Періштенің қолынан тартып алып жазайық!
Өткен күндер-ымырт шақ!
Ымырт шақты тура қазір ұмытсақ!
Ар көтерген арқамызды дәл бүгін
Күнге тосып жылытсақ...
Кеше толған, қайта бүгін солыпты АЙ,
Өзгереді ол да ешкімнен қорықпай!
Үрейі жоқ, қанаты бар тағдырлас,
Қайда жүрсің маған осы жолықпай?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құса

  • 0
  • 0

Құс жолында қанат қақты қыз-құса,
Шемен көңіл жерде оны сезбеді.
Ғасыр солай кірпік қақпай ызғыса,
Шер балқыр ма көздегі?

Толық

Сен қайдасың?

  • 0
  • 0

Аңғармаудың
Не деген шебері едің.
Қар боп жауғам,
Тамшы боп себеледім.

Толық

Терезе

  • 0
  • 0

Аласасы айқындалмас биіктік,
Төпелетіп төге алмаса сұйықтық,
Көмейіме күйік дәмді шер толып,
Өз отыма өлер едім өртеніп.

Толық

Қарап көріңіз