Өлең, жыр, ақындар

Қызыл іңір

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1704
Жиекке барып жығылдың.
Жығылдың қалай іңір күн?
Шоп-шолақ сәтін ғұмырдың
Қып-қызыл қылып сімірдің!
Жиекте тұрды күн кетпей,
Бірді түсінбей, бірді ұқтым.
Күйгелек әлем күңк етпей,
Тынысын тартты тірліктің!
Қып-қызыл еді жаным да,
Ұқсайтын саған іңір сәт.
Өзіне ұқсас жалынға
Жүгірді жүрек – ұрыншақ.
Жүгірдім саған іңір күн,
Туыспыз ғой біз енді.
Жиексіз Жерге жығылдым,
Қанатып алдым тіземді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самалға тілек

  • 0
  • 0

Сені маған тағдыр тарту еткенін,
Байқамайсың көктемім.
Күркіреген күннен кейін күлімдеп,
Көк аспаннан жеткен үн!

Толық

Бірдеңе

  • 0
  • 0

Уақыт және Кеңістік..
Кеңістікте ерегістік-керістік!
Біз секілді миллиард дене, мың дене
Кеңістіктен іздеп әлек бірдеңе!

Толық

Кімсің?

  • 0
  • 0

Сен өзі кімсің осы,
адамбысың?
Шарлайсың ба,
шынымен ғалам ішін?

Толық

Қарап көріңіз