Өлең, жыр, ақындар

Қошалақ

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын, өзіңмін:
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!

Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді аласамын тап-тайпақ,
Сен секілді, таласамын — биікпін!

Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен "өңдемек".
Дәл өзіндей қарапайым болам мен,
дәл өзіндей!
Маған, сірә, сол керек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шарап кесесі

  • 0
  • 0

Бір шындықты көргенде күйіп кетіп,
ернеуінен кесенің сүйіп кетік —
айналаға қарады ол,
сол бір кесе

Толық

Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ...

  • 0
  • 0

Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.

Толық

Ой салған із де не түрлі

  • 0
  • 0

Ой салған із де не түрлі
Өрістің шары секілді,
Сондай бір жолға түсіп ем –
Жан-жаққа қашып құтылды.

Толық

Қарап көріңіз