Өлең, жыр, ақындар

Құрт көже

  • 04.09.2020
  • 0
  • 0
  • 915
Ақ малта ащыласаң – айызың қанған,
Құрт көже, ұмыт болдың қай жылдардан?!
Тортадай тоңмай қатқан торы көже
Таусылмай қайтпаушы еді Хайролламнан.
Хайролла кекіріп ап, кеселейді,
– Сегізкөз салқын тиді кеше, – дейді.
Қасарып қасат қырдай қатпар маңдай,
Шық сіңген қоңыр құмдай мақпалданбай,
Сіркесі су көтермей отырғанда,
Қайысы күнге күйген
сақпандардай,
Бәйбіше бәйек болып еселейді,
Тоңмайды омырып сап ақ қарлардай.
Содан соң сеңсең ішік жамылып ап,
Қынулы ас қатқан тердің дамылын ап,
Таралып алпыс екі тамырына,
Жүрелеп отырады жіпсіп бойы,
Жамбастап жайланып ап жатқан нардай,
Маңдайдан бір арам тер ағылады,
Мыңқ етпей алты ай бойы жатқан қардай.
Қарысып үнсіз қалған Хайрекең қарт
Со кезде шешіледі сәт таңдамай.
Ақ малта ащыласаң – айызың қанған,
Құрт көже, ұмыт болдың қай жылдардан?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құс қанаты талса, қонатын шығар

  • 0
  • 0

Құс қанаты талса, қонатын шығар,
Адам қанаты талса, жүрегі соғатын шығар,
Адам жүрегі құс қанатындай,
Соға-соға ғұмыры қысқаратындай,

Толық

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін

  • 0
  • 0

Он жеті жастан, он сегіз жастан сүйгенмін,
Жиырма бес ерек...
Отызда бөлек күйге ендім,
Отыз бесте де, қырық бесте де сүйгенмін,

Толық

Табиғат деген тағдырым менің

  • 0
  • 0

Табиғат деген тағдырым менің,
Табиғатыммен мәңгі біргемін.
Табиғатыммен тайталасам деп
Әлекке түстім, білмедім.

Толық

Қарап көріңіз