Өлең, жыр, ақындар

Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1033
Жаңылдым, жаным, өмірдің көп есебінен,
Жаңылмағанда жұмбақтай көрешегім ең...
Өліп те өшіп өз жаныңды жаралағанда,
Қарағанымда нем кетті, неге сеніп ем?
Маған айтатын, махаббат бар дүние дейтін,
Әлсіз де дейтін, аяулы, өлі де дейтін.
Мұңы бар дейтін адамды мәңгі бөлейтін,
Уы бар дейтін, уыты тамды да дейтін.
Ал мен айтушы ем:
– Уысқа уыстамаған
Елесің, тәйірі, алтын ба, күміс пе маған?
Маған айтатын:
– Түсінбес махаббат мәнін
Сен екенсің деп кеудесі қуыстау адам.
Сен не істеуші едің, сол кезде мен еледім бе,
Күнімдей болдың, көзі жоқ көбелегім де.
Қатал ғой адам түспесе басына ғана,
Басынан бар ғой, басқаны тебе беруге...
Басыма түсті, басқа жан тепті басыма,
Нем кетті, саған қараған текті басыма,
Махаббат маған сен берген ұшпақ осы ма,
Ал саған оның тигізген септігі осы ма?!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оймақтай көлдің жиегі

  • 0
  • 0

Оймақтай көлдің жиегі,
Аққу құс ұшып киелі,
Қырын бұрып қанатын,
Қыл мойынға иеді.

Толық

Жер бітінде жарық сәуле бар екен ғой, бар екен

  • 0
  • 0

Жер бітінде жарық сәуле бар екен ғой, бар екен,
Мен түндермен көп тілдестім, ол – қарабет, қара екен.
Жарық сәуле, саған құмар барлығы,
Мен де сенен бір жақсылық дәметемін, дәметем.

Толық

Қара суға семірген қамсыз күнім

  • 0
  • 0

Қара суға семірген қамсыз күнім –
Қара қырда қап қойған сансыз гүлім.
Қарауытып қаштыңдар, мен нақақтан
Жігіт шақтың көтердім заңсыз жүгін.

Толық

Қарап көріңіз