Өлең, жыр, ақындар

Алақан

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 721
Туған жерде аэропорт басынан,
Аяулы ағам қарсы алардай асығам.
Аяулы ағам білем, білем, жоқ бірақ,
Білгенімді білмегім кеп жасырам.
Өткен бір күн, өң мен түстей көз алдым,
Өткен дүние тарқауындай базардың.
Өткеніңді өзіңе әкеп өлшету,
О, туған жер, ауыры екен жазаңның.
О, туған жер, саған аян мен білген,
Сен – анасың, мен – перзентің жол жүрген.
Аяулы ағам қарсы алмаса жазмыш ол,
Әлдилеген топырағыңа келдім мен.
О, туған жер, құлыныңдай құраулап,
Сен қарсы алсаң түсер ол да бір аунап.
Бір топырақтан жаратқансың әуелде,
Тілсіз рух құдіретімен бұғаулап.
Табиғатпен, топырақпен, ауамен
Сипайды кеп маңдайымнан бар әлем.
Мұның бәрін қалай теңей алармын,
Сенің, сенің алақаныңа, аға мен!
...Қарсы аларсың, шығарып та саларсың,
Желеп-жебеп, туған топырақ, қаларсың.
Алақанның орны бөлек бірақ та,
Сен өйткені адамсың ғой, адамсың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сары ала жапырақ

  • 0
  • 0

Күз келді тағы, саудырап сары жапырақ,
Сары ала сәуле сарғайды күллі атырап.
Кешегі анау – желегі жалау көк терек
Сып-сида болды қаққанша қасты қапыда

Толық

Дүние зыр-зыр

  • 0
  • 0

Дүние зыр-зыр
Көзден бұл-бұл
Дем арасы ұшар ма?
Қағып шылбыр,

Толық

Жоңғар қақпасы

  • 0
  • 0

Әнеки, Жоңғар қақпасы,
Тіреген қос тау қос қолдап.
Таулардың талай алқасы
Қарайды көкке аспандап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар