Өлең, жыр, ақындар

Көктемгі қара жаңбырлар, қашан жауасыңдар

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 581
Көктемгі қара жаңбырлар, қашан жауасыңдар,
Қырлардың көгін өсіріп, көңілін ашар дауасыңдар.
Қара жер қатаяр еді, аспанның нұры
Жасыл шалғындарменен жасауламасаңдар.
Сіркесі су көтермей сонар даламыз,
Сендер сіркірегенше алаң боламыз.
Ұлан далаға көк, жасыл шалғындар шықпаса,
Қайрақ қырларға қажалып, тәмамдаламыз.
Беу, аспан,
Жердің әділ жанары, жылап тынасың сұстансаң,
Жалқы тақиям, қиналам апшып, қысқарсаң.
Жердің әділ жанары, сен жыламас та едің,
Көзіңе түспесе табанымнан ұшқан шаң.
Айлап жаумадыңдар, айлап жоқ болдыңдар,
Аңсап сағындық, қай
жаққа тоқталдыңдар?
Жерден ұшқан шаң аспанның көзін ашытқанда
Жерге ыршып төгіліп, қаймақ боп қондыңдар.
Жарықтық тамшылар жерге сүйсініп жеткесін,
Топырақ қалай түрленіп тіршілік етпесін.
Ақын аспанымыз иіп тұрғанда,
Абай болайық, исініп кетпесін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой

  • 0
  • 0

Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой,
Мерт етердей адамды дерт екен ғой.
Он жетіде үйлену ерте екен ғой,
Жарқыным-ау, махаббат жалқы екен ғой.

Толық

Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл

  • 0
  • 0

Құм ішінде жалғыз қыстау – бір ауыл,
Бір ауылда бұйыққаның тым ауыр.
Сондай сәтте жалғыздық бір қинайды
Жалқы қалған адамдай-ақ туа бір

Толық

Ғайыптан тайып

  • 0
  • 0

Екеуің егер ғайыптан тайып жолықсаң,
Ғашық боп қалсаң және де содан қорықсаң.
Кездескің келіп, жүздескің келіп тарықсаң,
Және де соған мүмкіндік болмай зарықсаң.

Толық

Қарап көріңіз