Өлең, жыр, ақындар

Келеді өсіп бір бала

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 507
Алыс та алыс, алыс бір түкпір ауылда,
Қырық-отыз түтін қарға тамырлы қауымда.
Әдеті-салты қазақтың қалпы кәдімгі,
Қысы да, жазы ниеті шаруа қамында.
Ауданнан алыс, облыстан да одағай,
Бір жағы құмайт, бір жағы шөлейт жадағай.
Бір жағы қорым, бір жағы құрдым үрейлі,
Қысы да қапыл, жазы да жазым жағалай.
Қонысы оңды, малдары қоңды сонда да.
Жетеді бәрі, жетпейтін еркек қол ғана.
Ересек еркек шетінен тегіс жарымжан,
Ал біздер болсақ...
Ал біздер әзір – ерқара.
Мектепке бардық.
Елу бірінші жыл биыл,
Бітік боп өскен егін бірінші жыл биыл.
«Келмей ме көкем?!.»
Есімде сұрақ қойғаным
Жеңгеме қарап менің бірінші – бір бүйір.
Келмей ме көкем?!
Келетін болса, келмей ме,
Намыстан жанып кете жаздаймын мен кейде.
Шолақ басқарма байлайды атын белдеуге,
Шіптадан сусын құя бастайды жеңгем де...
Алыс та алыс, алыс бір сондай түкпірде,
Соғыстан соңғы тірілікпенен жұп бірге.
Келеді өсіп, келеді өсіп бір бала,
– Түбінде, – дейді, – түбінде, – дейді ол, – түптің бе?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отаншыл сезім

  • 0
  • 0

Үлкен Отан, Ұлы Отан,
Балалық шақтан сезінген,
Сүйгеннен бауырың езілген.
Балалық шақтан бері біз –

Толық

Көлдерім, көк жайлауларым

  • 0
  • 0

Көлдерім, көк жайлауларым,
Сағынып сендерді ойладым.
Ырғайлы белдерді ойладым,
Ырғалған көлдерді ойладым.

Толық

Адамзаттың өнері

  • 0
  • 0

Өтеді уақыт.
Тағдырдың болмақ жазғаны,
Қағида заң ғой адамнан уақыт озбағы.
Уақыттың жалын қаламыз сипап бәріміз,

Толық

Қарап көріңіз