Өлең, жыр, ақындар

Адам бір кейде...

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 559
Адам бір кейде сарқылған сынды
Сезімнен дағы, ойдан да.
Денеңде тұтас салқын қан сынды
Ақпайтын судай сайларда.
Адам бір кейде суалған сынды
Шуағынан да, нұрдан да.
Денеңді жайлап мұң алған сынды,
Малынып санаң мұнарға.
Адам бір кейде жалыққан сынды
Жақсы үміттен де, қиялдан.
Үміттің көзі қарыққан сынды
Қарай да қарай ұялған.
Адам бір кейде жабыққан сынды
Думанынан да, тойынан.
Ұтылған сынды, әрі ұтқан сынды
Баянсыз шақтан байыған.
Ал кейде кенет Аплатон сынды,
Аяғы Жерде тұрғанда
Сезімі сәуле,
Ақылы таң сынды
Сәулелерімен салады түрен,
Болмыстық тылсым – Тыңдарға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақшығанақ

  • 0
  • 0

Шығанақ десе шығанақ,
Құп-құйттай мүйіс – шым қайрақ,
Күн нұрыменен бірге ойнап,
Жататын еді-ау жарықтық

Толық

Топырақ

  • 0
  • 0

...Туған жер, саған тағы да, міне, оралдым,
Қайтқан бір қаздай қоңыр төбеме қонармын.
Қоңыр төбеме қоңылтақсып бір қарармын,
Қабірін көріп былтырғы қайтқан ағамның.

Толық

Ауылға қайтқанда

  • 0
  • 0

Мектептен бірге қайтқан ақ сары қыз,
Әжімсіз ашық еді аспанымыз.
Әлдилеп әз көңілді сәби сезім,
Домалап өрге қарай тастарымыз.

Толық

Қарап көріңіз