Өлең, жыр, ақындар

Он жыл ғой

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 556
«Япыр-ай, содан бері он жыл уақыт»
Дедім де, демім шықпай қалдым қатып.
Ғұмырдың кештім екен қанша жолын,
Арбасын тіршіліктің салдырлатып.
Он жыл ғой, он күн емес, он ай емес,
(Он жылды елестету оңай емес).
Тағдырдың заңы қалай тастай қатты,
Кешегі тамашамның талайы елес.
Он жыл ғой, мен он орақ ормасам да,
Сапарда сара болмас жол қашанда.
Жүрдім мен қатарымның алды-артында,
Сан рет бұрылдым да оңға, солға...
Он жыл ғой, он ылди ма, он асу ма,
(Даурықпан жеттім деп бір дара шыңға.)
Жақсыға жақын жүрдім жанасуға,
Жарадым жол серікке, қарасынға.
Өз ойым, өз бетіммен, міне, он жыл
Келемін дүние – көкпар додасында.
Он жылғы тәжірибе, тәлімім бар,
Тағдырым, таланымды таң асырма!
Заманым, енді мені баласынба!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар дүниенің бастауы

  • 0
  • 0

Бар дүниенің бастауы –
Жан-дүниеңді жасытпа.
Бәрі өтеді қас қағым,
Ұмытуға асықпа.

Толық

Қайрақ

  • 0
  • 0

Хас қайрақтың да тас нәті,
Қанжарың болса – жанып ал.
Қайысың болса – таспа тіл,
Қайыңың болса – қабық ал.

Толық

Керекумен кездесу

  • 0
  • 0

Баянауыл басында бұлт бар ма,
Керекудің көгінде мұнар бар ма?!
Қалқаман мен Мамыр көл қосыла алмай,
Орны жатыр.

Толық

Қарап көріңіз