Өлең, жыр, ақындар

Дүниеге мейман көңілім

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің.
Бір қалыппен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлыттай
Көшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе жатқызар,
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен,
Сағынар ауық - күлкіні - ай.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні - ай.



Пікірлер (7)

Акерке

Дүниеде мейман көңілім өлеңі өте өте керемет екен

СИДЕКОВ СЕРІК АМАНКОСҰЛЫ

Майлықожа сөздің дер ем шешені.
Жүрүрегінен сарқылмас жылу еседі.
Шабытым қозған сәтте шыны сол.
Рухын бір оятқым кеп кетеді.

Баука

Рахмет сендерге)

Нуржамал

Барлық олеңдерінің мани бар

Сауле

Оте керемет бар олени

динара

Өте жақсы өлең жолдары екен...

Гулсамал.

Майлыкожа олендеринин омирлик, тарбиелик мани жогары. Осиет кой Мейрамбектин орындауында типти куатты болып шыгады. Кимнин журегинен орын алса гибрат етип омирлик жолында багыт берер устаным етери созсиз

Пікір қалдырыңыз

Ескі мырза, манаптар, бегі, салы

  • 0
  • 1

Ескі мырза, манаптар, бегі, салы,
Балық жыл бастарыңа не күн салды?
Мінуге атын ерттеп ерінгендер,
Қарайып аяқ - қолы егін салды.

Толық

Қоян жылы тумады көктен жаңбыр

  • 0
  • 1

Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,
Қабағы шаруалардың болды салбыр.
Қысты күні болғанда қар тынбады,
Айуанға өлім жетті аштан әрбір.

Толық

Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет

  • 0
  • 0

«Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет»,
«Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.

Толық

Қарап көріңіз