Өлең, жыр, ақындар

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 753
Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар,
Ақшамдай іңіріме жалғандыңдар.
Мехнаты жарық боп жанған жылдар,
Махаббаты қарық боп қалған жылдар.
Жылдар, жылдар...
Артымда, алдымда жыл,
Ширек сапар шиырлап қалдым қазір.
Шабандарға бұйрық іс – бүлкіл аяң,
Жараулардың жүйрігі алдымда жүр.
Көрер жарық жыл болып жетеледі,
Нелер налып, намысым от өреді.
Жолдарымның жап-жақын төтелері
Арман дейтін аруға некеледі.
Жүргем жолды өрде де, ылдида да,
Күндер болды малтыққан, құлдилаған.
Жалғыз ауыз жыр болып қалар ма екен
Жаһұт дүнием мен талай жыл жинаған?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Куә қайда?

  • 0
  • 0

Есімде жоқ ең алғаш жылағаным,
Айды әпер деп аспаннан сұрағаным.
Бақыт деген сол шығар – жылағанда
Білмеу шығар жанында куә барын.

Толық

Титімдей көңіл

  • 0
  • 0

Қайғысыз адам қайда бар,
Қайырымсыз хайуан сол шығар.
Қайғысыз емес айналаң,
Араласпай ма ол мұндар?

Толық

Заманмен диалог

  • 0
  • 0

Адам кейде албырт та алаңғасар,
Айдай жолда қияс бір қадам басар.
Адам – кеуде жоқ шығар жарақатсыз,
Қияс қадам кейде бір жараңды ашар.

Толық

Қарап көріңіз