Өлең, жыр, ақындар

Шолпанға

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 672
Жақыным - достар жанашыр,
Жатырқаушы едім жатты көп.
Сен енді қызым
Барасың,
Бәрінен соның тәтті боп.
Бұрынғы көңіл көңіл ме,
Тасытып мені жеттің сен.
Тәтті дәм көп ед өмірде,
Бәрінен асып кеттің сен.
Әкенің көңілін елеп пе ек,
Түскенде білдім басыма.
Баланың орны бөлек пе ед,
Айнала бердім қасыңа.
Кіргенде келіп есіктен,
Аңсарым саған ауды да.
Беліңді шешіп бесіктен,
Баурыма қыстым, бауырыма.
Ұйқыңнан сол сәт оянып,
Қарадың шарпып отты леп,
Бұлқынып құттай аяғың,
Кеудемді жатты тепкілеп.
Шаршасам алған тынымым,
Өзіңмен ойнау болар ма.
Сусасам саған құлыным,
Сірәда шөлім қанар ма.
Келгенде көңілім басылып,
Ойнаттың беттен отымды.
Баласы ең шалдың жасырып,
Сүйейін тосшы бетіңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем жыры

  • 0
  • 0

Қабаштың басы қарабай,
Қарабай қанат қағады.
Көлшікке қонған жағалай,
Қалың құс қиқу салады.

Толық

Орамал

  • 0
  • 0

Жоғалды жібек орамал,
Бұлқынған бұлақ басында.
Қыз тұрды зілсіз: "Ағалар,
Алсаңдар бер", - деп қасында.

Толық

Құмдардың сусыраған тақсыретін

  • 0
  • 0

Құмдардың сусыраған тақсыретін,
Тыңдардың тусыраған тасты бетін,
Жаныммен желеу болып жұбатарға,
Шыңдарға алып шықтың жастық отым.

Толық

Қарап көріңіз