Өлең, жыр, ақындар

Ай-Зер

  • Moon
  • 12.08.2020
  • 1
  • 0
  • 1155
Ай-Зер

Терезе алдында тұр едім,
Сыр іздеп аспаннан.
Мен түннің көргім кеп жүрегін
Түнекке аттанғам.

Кешіргім келмейді ерінді
Жетім деп атаған.
Шертілмей жүрген көп шерімді
Мен емес жасаған.

Мен жалғыз емеспін, аяулым,
Менің де бар таңым.
Төрінде жүріп-ақ ояумын
Таскөңіл ортаның.

Ай жалғыз деп еді бір бойдақ,
Айнаға қарамай.
Сұлуын кешелі жүрді ойға ап
Сүйкімсіз кəрі ағай.

Көзінен жас көрдім соқырдың,
Төгілген санама.
Қаламды жылатып отырмын,
Хат жазып анама.

Куə оған дəптердің парағы,
Куə оған Ай керім.
Жүрегім дүрсілдеп барады,
Көнемін, қайтемін?

Секундтар селк ете қалғанда,
Өлеңге айналам.
Мен жалғыз емеспін жалғанда,
Қарап тұр Ай маған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

***

  • 1
  • 0

Не түрлі ой көңілімді бөледі,
Қазір бəлкім, ұйықтағаным жөн еді.
Түсініксіз түс көру де бір қызық,
Түсініксіз пендемін ғой себебі.

Толық

***

  • 1
  • 0

Сен неге мені ұмыта алмадың?
Ұмытуға әлде кеш пе еді?
Жаныңды білем, жылыта алмадым,
Айыптамашы тек мені.

Толық

Бақ ішінде2

  • 1
  • 0

Бақ ішінде отырмыз - Ой және Мен,
Жапырақтың аялап сыр-сенімін.
Табандарда тапталған, қайран әлем,
Мен болмасам жасыңды сүртеді кім?

Толық

Қарап көріңіз