Өлең, жыр, ақындар

Лақ

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2570
Үй алдында – «Балбұлақ»,
Өткелі бар жалғыз-ақ,
Тігіп алып құлағын,
Қарғып өтті лағым
Лағым неткен епті еді,
Өткелден құлап кетпеді.
Соңынан мен де секірдім.
Жалп еттім суға, өкіндім
Лағым-ау, лағым –
Бәрібір сені қуамын!

Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ
Өзіңмен бірге еседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақ киім тікпейсің
Бастауда,
Беткейде
Қос көл бар көлемі оймақтай
Төгіліп
Кетпей ме
Көл сырын ешкімге қойды айтпай
Түпсіз кел – оймақ көл,
Қайда бар, ойлап көр?!
Қара үңгірде қара тас
Жылуы бетті қаратпас
Пернесіз, иексіз
Күйі келсе
Күмбірлеп кетеді
Буынсыз, сүйексіз
Тежеуін білмесе
Етіңнен өтеді
Сүйекке жетеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыбындар

  • 0
  • 0

Қабырғаны жағалап,
Қуалаймыз сабалап.
– Шыбындар, нас, кірсіңдер,
Мұнда неге жүрсіңдер?!

Толық

Жаңбырда

  • 0
  • 0

Жаңбыр бүгін керемет,
Сыртқа шығып не керек?!
Былғады жер етікті,
Миы шығып кетіпті.

Толық

Ара

  • 0
  • 0

Бөренені аралар
Әрбір үйде ара бар.
Ағаш кессең, балалар,
Тістеріне қарап ал,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар