Өлең, жыр, ақындар

Бесік жыры

  • 10.08.2020
  • 0
  • 1
  • 4590
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ән айтайын, бал бөпем,
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем
Бөпем менің ай ма екен.
Шекер ме екен, бал ма екен.
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ма екен.
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен,
Балпаң-балпаң басатын
Балапандар қайда екен.
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем…
Алдағанға көнетін
Аңқау бөпе қайда екен.



Пікірлер (1)

Тоғжан

Өте жақсы бесік жыры

Пікір қалдырыңыз

Тұлып

  • 0
  • 0

Көкжиектен күн де күліп шығады,
Күллі жанға жетіп жатыр шуағы.
Бірақ сонау сұрапылдың кезінде
Болған бір жай көз алдымда тұр әлі.

Толық

Бозторғай

  • 0
  • 0

Әдейі мынау қыр үшін
Оянып таңның алдында,
Даланың сансыз дыбысын
Көмейге құйып алдың ба?

Толық

Туған жер...

  • 0
  • 0

Сенде тұңғыш жүрдім де,
Сенде тұңғыш құладым.
Сенде тұңғыш күлдім де,
Сенде тұңғыш жыладым.

Толық

Қарап көріңіз