Өлең, жыр, ақындар

Мақтаныш

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1553
Таудай үлкен талабы,
Күнде «бестік» алады –
«Білгіш» дейміз мектепте
Мақан деген баланы.
Қастерлейді ананы,
Қадірлейді ағаны –
«Ізетті» деп жақтаймыз
Мақан деген баланы.
Өнерлі де саналы,
Күй тартып, ән салады –
«Өнерпаз» деп мақтаймыз
Мақан деген баланы.
Көп-ақ түрлі талабы,
Көрген жан таң қалады:
Мақтан етер мектебі
Мақан деген баланы.
Бұл – Күн-ана күші деп,
Қамқор-құстың ісі деп,
Көгершінді ел күтіп жүр,
Бейбітшілік құсы деп.
Жақын жүріп адамға,
Көгершіндер әманда
Тыныштықты тілейді
Елге, саған, маған да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

От басындағы ауыру

  • 0
  • 0

Сəріден Сəтке бас қайғы;
Сəрсенкүл ұрыс бастайды.
Еріне тағып мың күнə,
«Көріне» тығып тастайды.

Толық

Ақбай мен Бекбай

  • 0
  • 2

Ауылдағы Ақбай ойлы данадай:
Сөз бен ісі өнегелі, салмақты, -
Ауладағы Бекбай бəлду – баладай:
Сөзі – қылжақ, ар ұяты қалмапты.

Толық

Міншіл Бек

  • 0
  • 0

Бек тарыдай мінің болса, «жерлейді», -
Ал өзінің таудай мінін көрмейді.
Сынай қалсаң, «қастекісің сен» дейді,
Ақиқат пен əділ сынға көнбейді.

Толық

Қарап көріңіз