Өлең, жыр, ақындар

Ғұрыптар

  • Bain
  • 23.05.2015
  • 1
  • 1
  • 16637
Шапса балта өтер ме
Табиғи таудың тасына.
Дауасыз ғұрып кетер ме,
Басыңа сіңген жасында.
Қу сүйек салсаң сорпаға,
Не жібітер, не жұғар?
Алсаң, айтсаң ортаға,
Көзсіз көкірек нені ұғар?
Аштық көрмей тоқ болмас,
Қайғысыз адам ой таппас.
Көзі көрмей тоқталмас,
Дегенге шабан қой шаппас.
Жарқанат күнді сүймейді,
Не демекші күнді сол?
Жақсының қадірін білмейді,
Адасқанның алды жол,
Айналасы жауырдың
Қара шыбын қаптаған.
Тамшысы шайып жауынның,
Тазалығын таппаған.
Ит мойнына жез тақсаң,
Ыза қылар, ырылдар.
Қамсыздарға сөз айтсаң,
Қылмыңдар да қырыңдар.
Он жаз келіп, көктер ме
Құрт жайлаған қу ағаш.
Көзі ашық, зейіні өктемге,
Иә өтірік, иә рас.
Мал кетпеген маңынан,
Көк иірім құдық суалар.
Маңайының шаңынан,
Жайқалған ағаш қуарар.
Сұм көңілдің батыры - ай,
Тіл шіркіннің қорқағы - ай.
Санасыз, салқам жақын - ай,
Елдесуге шорқағы - ай.
Асыл паһим - ақыл - ай,
Жаудың. салған ортағы - ай,
Екі жол - ай, апыр - ай,
Мен ғұрыптан қорқам - ай.



Пікірлер (1)

Маринет чубенчен

Кушты унады

Пікір қалдырыңыз

Шал мен келіні

  • 0
  • 0

Шал ыңқылдап, жоқ шыдам,
Ауырады ыңыранып.
Кепкен дене, сіңір жан,
Бірде суып, бір жанып.

Толық

Ұлы октябрь

  • 0
  • 0

Талайғы тарих тұрқыңда
Тапты тап жеп қанаумен,
Тапты тап жеп талаумен,
Тапталған тап тарыққан.

Толық

Үш бұлақ

  • 0
  • 0

Дүниенің шетсіз, шерлі даласынан
Үш бұлақ ағып жатыр Сыр жағынан.
Жастықтың бұлағы — асау, сылдыр қағып,
Мөлдіреп, ағып, қайнап, тез тасыған.

Толық

Қарап көріңіз