Өлең, жыр, ақындар

Жанды сөз

Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер,
Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.
Жүрегімнің айнасын шаң басқанда
Орамалым осы өлең бетін сүртер.
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
Елдің сәні сақталар жанды сөзбен,
Қай жұрт болсын талассыз осыған құл!



Пікірлер (8)

Айдана Мұталхан

Маған бұл шығармалардың барлығы ұнады

Шұғыла

Керемет жазушы

аяулым

маган бундай олен емес антоним бар олен

Жанна

унад бырак маган керек олен жок екен окиништыыыыы

Береке

Маған да барлық өлеңі ұнады бірақ маған да керек өлең жоқ екен

Жарқын

керемет екен өлеңдері

Өлеңдері керемет

Жақсы

12 02 2019

Дәл керегі осы

Пікір қалдырыңыз

Қыс

  • 0
  • 3

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп.

Толық

Ынтықтар

  • 1
  • 1

Күн батқан соң қарайып,
Қараңғы перде жабылар;
Құрт - құмырсқа, халайық,
Құс ұшпас, аңдар жалығар.

Толық

Бұлақ бойында

  • 0
  • 0

Сылдыр-сылдыр су сылдырар бұлақтан,
Тәңірі ме екен тауды-тасты жылатқан
Анда-санда көңіл айтып «Көк!» Көк!» деп,
Шығар даусы көкектің де жұбатқан.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар