Өлең, жыр, ақындар

Құдірет

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4492
Құдірет деген сыңар қанатты құс болады екен. Ол өмір бойы өзінің сыңарын іздеумен өтеді. Егер ол өзінің серігін тапса, екі дене кірігіп, екі қанат бірігіп, бақытты жандар сияқты ұшып кетеді екен.

Сен де кештің сол мұңды, мен де кештім,
Сені қайдам, мен енді емделмеспін.
Әппақ нұрдан жаралған қанатымды
Керсе-дағы, қайтейін, сенбеді ешкім.
Сыры кейін ашылар, кете бере —
Айдай ару ажалдың жетегінде.
Жабысқан дерт бұл өзі ғайыптан кеп,
Бозбалалық дәуреннен өте бере.
Орнады да басыма ғаріпшілік,
Тамырымда у ақты талықсытып.
Ақ мақтадай аршыған қауызынан
Жалғыз қанат жанымды жарып шығып.
Жалғыз қанат ол неге, жалғыз қанат?!
Жалғызымды жау түгіл, жар қызғанад...
Сыңар таппай сыңсиды жазған байғұс,
Қара түнге қауырсын малғызып ап.
Мен-дағы бір жер басып жүрген елес,
(Берем десе, Тәңірім кімге бермес).
Сапарласын таба алмай сағы сынған,
Дүнияда, дүние-ау, бір мен емес.
Жастығымды алған соң арзандатып,
Неме керек, дариға-ау, қалған бақыт.
Неге маған келмейді Ол кеш те болса,
Қанатының астына маржан тағып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарабура. Түс

  • 0
  • 0

Қалдыбектей жындылау,
Сәндібектей мұңдылау.
Не айтпақ боп жатырсың,
Тағдырыма, құрғыр-ау?..

Толық

Шешім

  • 0
  • 0

Жұлдыз ақты.
Жұлдыз ақпай тұра ма?!
Тағы бір жан нүкте қойып күнәға...
Аманатын сұрап келсе,

Толық

Кеудесi кендi шабыт пен

  • 0
  • 0

Кеудесi кендi шабыт пен
Қонаққа ғана шөлдеген,
Бұл қазақ бес күн жалғанда
Бiр-бiрiн жүзге бөлмеген.

Толық

Қарап көріңіз