Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2015
Жалғыздық,
маған сен аштың,
Құдайға барар қақпаны,
өзiңмен ғана санастым,
ес бiлiп, етек жапқалы.

Жалғыздық,
сенiң барыңда,
жалғыздығымды сезбедiм,
қалмағанда ешкiм жанымда,
сен ғана менен безбедiң.

Ел-жұртпыз деген адамдар,
жалңызсырап жүр бәрi де,
шаншыса жүрек - не амал бар,
жарайтын сенсiң дәрiге.

Құшағыңа кеп құладым
қашқанда жауыз жалғаннан,
құтқар деп сенен сұрадым,
мақтамен бауыздалғаннан.

Төбемнен мiне тау құлап,
тас түнек басты әлемдi,
қарақат көзiң жаудырап,
Жалғыздық,
жалғыз қал ендi!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыннан сағат сұрама

  • 0
  • 0

Ақыннан сағат сұрама,
өлшеулi ғұмыр кешпейдi ол,
Құдай да болсаң сынама,
Күнәсiн оның кешпей гөр.

Толық

Есеп сабағы

  • 0
  • 0

– Мен шығам! – деп ерледі,
Қол көтеріп Қосанбай.
Тақта алдында терледі,
Төртке бесті қоса алмай.

Толық

Лақ

  • 0
  • 0

Керегені сүзуге
Үйретіп ем лақты,
Жүгіріп кеп, өзімді
Сүзіп қалып, жылатты.

Толық

Қарап көріңіз