Өлең, жыр, ақындар

Күзгі гүлге

Сарғайдың тоғайда, гүл, күзгітұрым,
Жайылып жапырағың тұрған бұрын.
Ара бал, көбелек сөл жұтқан сенен,
Ол қайда маса, сона, шіркей - шыбын.

Саянда сан құбылып салқындаған,
Сүліктей сұлуың жоқ қырлы мұрын.
Тоғайдың маңайынан басталдырып,
Шайқаған самалың жоқ таппай тыным.

Қиғаш қас, қырғи мойын, құбылма шаш,
Қарасы қандыратын көздің қыбын.
Қалмапты ажар, шырай, сүреңіңіз,
Сүзек пе, сүзілме ме сенің мұның.

Зорлығы табиғаттың бұл әуресі,
Төрт бөліп, түрлендірген жылдың күнін.
Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да,
Жазды күт, жабырқама, күзгі гүлім.



Пікірлер (3)

айдос

Өлендер маған ұнады

saramakuova

Әлемдердің Раббысы сүйген құлына өлмес , өшпес өнер береді . Сол байлықты тұншықтырмай , қазақ әдебиетіне қосқаныңыз үшін алғысым шексіз . Маған да сіздік талант пен танымалдылық жұғысты болса , шірікн . heart

Мәртебе

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Зиратта

  • 0
  • 0

Жамылып иығына түбіт шәлі,
Кетерде көше кездің қимай әлі.
Тыншып бір топырақта жатыр екен,
Келгенде зираттағы жанның бәрі.

Толық

Ұштасқан үш тілек

  • 0
  • 0

Еркі желдің еркінде,
Ел емес едім, ебелек.
Өткен күнде белгі жоқ,
Айтып - айтпай не керек.

Толық

Анам тілі

  • 1
  • 25

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.

Толық

Қарап көріңіз