Өлең, жыр, ақындар

Жарыссөз

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1315
Зор қоғамның, не беделді Кеңестің,
Төрағасы емеспін.
Олай-былай барған кезде, әрине,
Мәшинемен алып жүрмес мені ешкім.

Жазу, сызу — маған қонған бақ, талап,
Дерсіз, бәлкім: «ал, не жаздың, мақтан-ақ».
Әттең, әкем халық жауы болмапты,
Жазар едім бір поэма... ақтап ап...

Қозы бақтым. Үйрек бақтым. Қаз бақтым.
Ғашық болдым — тарттым сонда аздап мұң.
Диссиденттік маған қайдан бұйырсын —
Үкіметке қарсы өлең жазбаппын.

Жаза қояр дерек таппай мүлде мен
Қиналамын. Жиналыста үндемен.
Алматыдан кетіп қалғам ертерек —
Желтоқсанда танысқам жоқ түрмемен.

Брежнев, асыл задам, құрметтім,
Сізді... және Қонаевты үлгі еттім.
Өкілімін ду қол соққан дүрмектің,
Мен — күріштің қасындағы күрмекпін.

Жиналыста көбеңсиді көңілім,
Маған назар аудармайды көп інім.
...Жарыссөзде айта салар ерлігі
Емге де жоқ, ай-хай, менің өмірім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елу алтыншы жылы туғандар

  • 0
  • 0

Жаңартыңдар жүректеріңді ескірген,
Жайнаңдар. Кәдімгідей тулаңдар.
Кем емессіңдер ешкімнен,
Уа,

Толық

Бал бөпем

  • 0
  • 0

Бал-бал бөпем, бал бөпем,
Бал жемістен ал, бөпем.
Шырынына қан, бөпем:
Шырқап әнге сал, бөпем.

Толық

Наурыз тойын тойлаймыз

  • 0
  • 1

Алақай-ау, балалар,
Айналаға қараңдар:
Бұлттар төгіп көктен нұр,
Гүл тағынып көктем жүр.

Толық

Қарап көріңіз