Сенің ғана
- Kazhy
- 25.05.2020
- 0
- 0
- 2144
Көздеріңмен сырласқан қиғаш қасың,
Жанарыңды көңілсіз күй баспасын.
Адал аппақ, ақкөңіл мінезіңмен,
Қымбат жансың жаныма сыйласқасын!
Мені бұлай ешбір жан жырлатпаған,
Жүрегіңнің дүрсілін тыңдат маған!
Сенім ғана көңілді мұңдатпаған,
Сенің ғана сезімің қымбат маған.
Мен өзіме сертімді бекем еткем,
Сенсіз уақыт мендегі бекер өткен.
Сенің ғана бағыңа айналайын,
Жалғыз жансың жүрегімде мекен еткен.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі