Өлең, жыр, ақындар

Қоңыр әуен

  • 17.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2581
Достан да, дұшпаннан да қалған көңіл
Аңсап жүр аққулы әуен, арман көлін...
Күнгейге Күнікейдей қызды ұзатып,
Танакөз тағдырымды таңнан көрдім.

Қайталап маңғаз мұңын «Маңмангердің»
«Қайран-ай, қайта оралмас жалған!..» дермін.
Доңыз жеп, қоңыз терген Қодарқұлға
Келмейді Баянымды қолдан бергім.

Дабысы жер мен көкті жарған жердің
Дарақы Жапалағын жардан көрдім.
Байғыздың мұңын кешіп бағзы бірде,
Баянсыз махаббатты тордан көрдім.

Қорланса қолы жетпей Қорланға ердің,
Қозымды қоңыр мінез қолдан көмдім...
Қаңғып жүр ұрынарға қара таппай
Қайырсыз бұл қазақтан қалған көңлім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыздық

  • 0
  • 0

«Қазақтың жігітінен дос таба алмай...»
Ажалын торға түсіп, тосқан аңдай,
Қарайды екі көзім қарайғанға
У қосқан шарап толы тостағандай.

Толық

Желтоқсан

  • 0
  • 0

Құстар көшіп барады түзде шұбап...
Көшпей, қонбай келеміз біз де шыдап.
Саусағыңды тарбиған көкке жайып,
Көз жасыңды көзімше үзбеші, бақ.

Толық

Перiштеге ғашықпын

  • 0
  • 0

Перiштеге ғашықпын, пендеге емес,
Мен бiлетiн ол шiркiн елден емес.
Күнi бойы есiмнен бiр шықпайды
Түнi бойы түсiме енген Елес.

Толық

Қарап көріңіз