Өлең, жыр, ақындар

Ұғындырған ұлылықтың не екенін

  • 13.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1672
Ұғындырған ұлылықтың не екенін.
Құлын шағым кісінесе қырлардан
Желпілдеген жел боп саған жетемін!
Құнан кезім күркіресе, күндей боп
Найзағайдай бір жарқ етіп өтемін.
Кіндік қаным тамған жердің рухымен
Жасымастай жалын едім, от едім.
Өйткені, ол – менің туған Отаным,
Өйткені, ол – менің туған мекенім,
Қымтап жатқан еркіндіктің етегін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарындасқа

  • 0
  • 0

Ауылдан Алматыға кеше келген,
Ізетті қыз екенсің шеше көрген.
Еркіндіктің есігін ерте ашыпсың,
Сүрінеді екенсің неше жерден?

Толық

Досым бар ма, бiлмеймiн, жауым бар ма?

  • 0
  • 0

Досым бар ма, бiлмеймiн, жауым бар ма?
Тамырымнан бүгiлем дауылдарда.
Бауырымды жегiзiп “ит пен құсқа”,
Ақыл айтсам, сосын кеп, бауырларға.

Толық

Кісі таңдап араласу – сән болды

  • 0
  • 0

…Кісі таңдап араласу – сән болды,
Жоқтың жолы – кеседі деп бар қолды.
Ол қырттарға өкпе де артпай, наз да артпай,
Тамашалап жүріп келем тар жолды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар