Өлең, жыр, ақындар

Аллаға сыйын...

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1122
Аллаға сыйын,
Шықсаң да тауға,
Түссең де,
Тәуекел етіп,
Кіріссең үлкен істерге,
Күдерді үзбей,
Күбірді тізбей ұмтылсаң,
Жеңерсің бәрін,
Сенімің барда, күш сенде!
Аллаға сыйын,
Байысаң мұртың майланып,
Бақытқа мас боп,
Қуансаң басың айналып,
Ұшпаққа шығып,
Мұратқа жеттім десең де,
Аллаға сыйын,
Шүкірлік қылып, ойланып!
Аллаға сыйын,
Байқамай жерге құласаң,
Жала мен жәбір,
Көргенде іштей жыласаң,
Күндіз де сыйын,
Түнде де сыйын, түңілмей,
Береді құдай,
Талап қып шындап сұрасаң!
Қорықсаң сыйын,
Торықсаң сыйын, тарықсаң,
Ауырсаң сыйын,
Рахымға шөлдеп, зарықсаң,
Жаратқан сені
Тастамай жалғыз жылатып,
Жолыңа сенің
Жағады жар боп, жарық шам!
Әрекет жаса,
Бұтаны бағып, бұққанша,
Құт болар түбі,
Аунаған жерде түк қалса,
Аллаға сыйын,
Алға бас тынбай тырмысып,
Сыйын да самға,
Кеудеңнен жаның шыққанша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақынның бастығы

  • 0
  • 0

Өлеңшілердің
Өтірік күлкі, күңкілі,
Шалқытпай қоймас,
Шалағай шенді шіркінді,

Толық

Сабыр

  • 0
  • 0

Жан­жағыңнан идея, сұрақ қаптап,
Тап­тап беріп сенімнен жырақтатпақ.
Анда­мында алақтап әлсіз пенде
Қалбалақтап құрдымға бір­ақ тартпақ.

Толық

Жолжолтай

  • 0
  • 0

Ақ пен қара аралас,
Терісі де көңілді,
Қане, қалай атаймыз,
Жолақ, жолақ зебрді?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер