Өлең, жыр, ақындар

А, дариға, тағы өте ме мына түн

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 900
А, дариға, тағы өте ме мына түн,
«Өтеді» деген қандай қиын сөз еді!
Бұл түнге де сыймай қалды қуатым,
Көңілім менің әрең-әрең төзеді.

Қиялымда бір ғажайып тұр жалын,
Тұр ол ұстап жаңа жырдың ырғағын.
Кешегі түн тұтандырған отымды
Бүгінгі түн сөндіріп ап өкінді.
Уақыт тұр шиқылдатып жыр жанын –
Түк айта алмай отыр менің жырларым.
Уақытты – уақытқа ұсындым,
Уақыттан – уақытты ұрладым.

Бұдан өзге түк бере алмай, түк алмай,
Отырмын мен суып қалған қиялдай.
Отырмын мен сонша жүдеп, сонша арып
Айлы түнгі Алатаудай томсарып.
Сыймай қалған ойларымды ап бүгінге
Аунайды түн жанарымның түбінде.
Осы түнге сыйса барлық өмірлі ой,
Ертеңгі күн өмір сүрмес едім ғой!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап

  • 0
  • 0

Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап,
тайғандарды аласың қайдан ақтап.
Ал, қуаныш біраздан біле алмай жүр
қонарын қайсы бетке, қай қабаққа.

Толық

Аурахана-83

  • 0
  • 0

Елең қақпа, жапырак,
құлағым бар екен деп.
Саудырама сай-жыра,
Бұлағым бар екен деп.

Толық

Мысық тырнағы

  • 0
  • 0

Мияулайды ол
есігіме тырмысып;
дос жақтауды, белгі берді, тырналап –
жата бердім терезеге бір қарап.

Толық

Қарап көріңіз