Өлең, жыр, ақындар

Араша

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 953
Болса өзі балақан,
Керек жылы алақан.
...Ұясынан құлаған,
Жатыр жерде балапан.

Анасы жүр шырылдап,
Жетті мысық пырылдап.
Күшік оған тап беріп,
Айбат қылды ырылдап.

Мысық та дес бермейді,
Аяқтарын сермейді.
Оңай келген олжадан,
Айырылғысы келмейді.

Айбат қылсын ол мейлі,
Күшік те оған көнбейді.
Балапанды қорғансыз,
Жауызға ол бермейді.

Айқас солай жалғасты,
Олар ұзақ арбасты.
Шырылдаған торғайдың,
Шыдамынан мән қашты.

Ұясы ғой – қиыны ең,
Терек талдың биігі ең...
Дәл сол сәтте ойнауға,
Сұлтан шықты үйінен.

Көз алдында жай қанық,
Тұрар кез бе ойланып?!
Балапанды қорғансыз,
Ұясына қойды алып.

Дұрыс дейді ол – дұрысты,
Бұрыс дейді ол – бұрысты.
Алғыс айтып күшікке,
Ал, мысыққа ұрысты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Киіз үй

  • 0
  • 0

Атам жайды керегесін,
Шаңырағын көтерді әкем.
Болмаса да терезесі,
Бұл үй маған бөтен бе екен?!

Толық

Біз биікте тұрамыз

  • 0
  • 0

Жетелейді жолы алға,
Әкем менен анамның.
Біз ғана тек оларға,
Бар асылы ғаламның.

Толық

Еріншектің ермегі

  • 0
  • 0

Жапырардай сол күймен,
Жау тұрса да жолында.
Ершат шықты төргі үйден,
Планшеті қолында.

Толық

Қарап көріңіз