Өлең, жыр, ақындар

Штангашы

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 514
Жүр көршiнiң баласы:
«Штангашы болам!» – деп,
Ешкiм жоқ-ау, шамасы,
Жаттығатын одан көп.
Жүрген күнде шынығып
Оның құрал-сайманы –
Рельстердiң сынығы,
Доңғалағы арбаның.
Атасының төстiгiн
«Бұл мен үшiн жеңiл!» – деп,
Көтередi бəс тiгiп,
Қатарынан он рет.
«Бұлшық еттi қара!» – деп,
Мытып-мытып көредi.
«Темiрдей ме, қалай?» – деп,
Кеудесiн ол кередi.
Мытып-мытып байқайды,
Барлық бала,
Көршiлер.
Құр бастарын шайқайды,
Iсiн көрiп ерсiлеу.
Өйткенi, əне, бiлегi
Анасының талса да,
Көмiр тасып жүредi,
Қора жақтан қаншама...
Өйткенi, əне, бiлегi
Қарындастың майысып,
Суды тасып жүредi
Қос шелекпен алысып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асқар мен кимешек

  • 0
  • 0

Бұл қылығын бiлмесек,
Асқарға бiз күлмес ек.
Ол ұнатпас киiмдер –
Күндiк пенен кимешек.

Толық

Фантазия

  • 0
  • 0

Түн болғанда қарасаң,
Көресiңдер, балалар:
Жарқыраған тамаша
Аспанда бiр қала бар.

Толық

Ат бапкерiнiң аңызы

  • 0
  • 0

Ол кезде бiз баламыз,
Той-жиынға барамыз.
Бiр-бiр атқа мiнiп ап,
Бəйгеде де шабамыз.

Толық

Қарап көріңіз