Өлең, жыр, ақындар

Айлакер Тұрар

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 754
Бiрде келiп,
Нақақтан
Тұрар маған тиiстi,
Тiлiн безеп
Қақақтап,
Бастады ол бiр iстi.
Шаңқ-шаңқ етiп
шаңқылдап,
Шағып алар тiлi бар.
Келе жатыр
алқымдап,
Төбелесер түрi бар.
«Мен туралы кеше сен,
Айтшы,
Жұртқа не дедiң?
Сол сөзiңнiң есесiн
Қазiр, мiне, беремiн.
Өсегiңдi қоймасаң,
Қайтарамын қарымын.
Жолдас болма
Болмасаң,
Бар алдымда айыбың...»
Кəдiмгiдей шынымен
Дедiм өзiм сасайын.
Қалай ғана
Мұның мен
Ыза,
Ашуын басайын.
Бiреулердi даттайтын
Еш əдетiм жоқ едi,
Сырттан өсек айтпайтын
Адам едiм,
Ақ едiм.
Жандай-ақ мен айыпты.
Ауызымды ашпадым.
Лəм-мим демей қалыппын,
Соншалықты сасқаным.
Тұрып қалдық осылай,
Қабағымыз түнердi.
Əй,
Бүлдiргiш досым-ай,
Тұрар күлiп жiбердi.
«Шығардым ба есiңдi,
Жеттi осымен, болсын», – деп.
«Алдап едiм өзiңдi,
Ықылығы қойсын», – деп.
Ықылықты қойдырар
Бұл бiр əдiс пайдалы.
Бiлетiн ем,
Ал Тұрар
Кеттi асырып айланы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамқор

  • 0
  • 0

Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна, – дей ме, – берiрек»,
Енесi тұр мөңiреп.

Толық

Әзіл

  • 0
  • 0

Заман дамып келедi,
Дамымаса сəнi жоқ.
Жүзiм жемiс бередi,
Iшiнде еш дəнi жоқ.

Толық

Орашолақ

  • 0
  • 0

Мынау бiздiң Доңқабақ
Шеберлiгi ұстады.
Дəу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.

Толық

Қарап көріңіз