Өлең, жыр, ақындар

Бірінші қар

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1589
Керiлiп барып таң атты,
Ерiнiп барып таң атты.
Бiр-ақ түннiң iшiнде
Қар жауып қапты алапты.
Далаға шыққан апам да,
Аптыға келдi атама:
«Тұрсаңшы, – дейдi, –
Қар жауды,
Жайғастыр ана мал-жайды».
Қуанып жатыр барлығы,
Қар болғандай байлығы,
«Қалың боп түскен, – деседi,
Басып қапты көшенi».
«Тазарып ауа қалды», – деп,
«Қолға ұстау керек малды», – деп,
Ырду-да-дырду – үй iшi
Даурығысады бəрi кеп.
Аңға шықпақ бiреуi,
Алаша қақпақ бiреуi.
Əрi-сəрi барлығы
Аспаннан түсiп тiлеуi.
Ал, менiң жатқан бүгiлiп,
Қабағым қалды түйiлiп.
Жатырмын iштей күйiнiп,
Булығып, ашу тығылып.
«Қар жауғаны, əрине,
Сендердiң жақсы бəрiңе», –
Деп қоямын iшiмнен,
Көрпемдi серпiп əрiге.
Орнымнан тұрып жатырмын,
«Құрсын, – деп, қардың бүйткенi».
... Есiктiң алдын,
Қора үстiн,
Күрейтiн менмiн, үйткенi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Интервью

  • 0
  • 0

Ауыл, шет аймақтан
Қалаға бармаққа,
Поезға алғашқы
Бiр мысық жайғасты.

Толық

Мысық–тышқан

  • 0
  • 0

Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.

Толық

Шаңғы жол

  • 0
  • 0

Екi аяқта – шаңғымыз,
Сайрап жатыр жолымыз.
Мидай дала – алдымыз,
Шиырлаймыз оны бiз.

Толық

Қарап көріңіз