Өлең, жыр, ақындар

Жазда неге түн қысқарады?

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3490
«Жазда неге түн қысқа,
Керiсiнше күн ұзақ?
Қыста неге күн қысқа,
Керiсiнше түн ұзақ?..»
Сұрақ қойдың сен маған
Шым-шытырық осындай.
Жауап бердiм мен саған,
Сол заматта тосылмай.
Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңiлi талапты
Қалсын дедiм жұбанып:
– Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы,
Айналаңа зер салғын.
Қызған ойын базары,
Күн де жылы,
Жер – шалғын.
Келдi, мiне, каникул
«Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ».
Жаз жақсы емей,
Кəнiки –
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.
Келетiн қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түндi əдейi ұзартып,
Күндi ерте батырды.
«Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, – деп, – сабақты».
Ызғар шашып бойынан,
Түйедi ол қабақты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл

  • 0
  • 0

Аспанда күнiм
Нұрланып тұрса.
Далада гүлiм
Ырғалып тұрса.

Толық

Қаланың баласы

  • 0
  • 0

Астанадан
Келдi де,
Күлдiрдi Ақан
Халықты.

Толық

Хайуанаттар дүкенi

  • 0
  • 0

Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..

Толық

Қарап көріңіз