Өлең, жыр, ақындар

Менің арманым

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2052
Асық атып,
Доп қуған.
Қалды менен ойындар.
Нағыз батыр боп туған,
Ер атанбақ ойым бар.
«Пайда жоқ қой, одан», – деп,
Тастап қысыр ойынды,
«Батыр бала болам», – деп,
Түйдiм өзiм ойымды.
Қойдым лəңгi тебудi,
Қойдым асық атуды,
Доп та ойнай берудi,
Жайбарақат жатуды.
«Жүрсiн елдер таң қалып,
Жүрем елден ерек боп» –
Деп бекiндiм, қамданып,
«Ерлiк жасау керек», – деп.
Мың отырып,
Мың тұрып,
Алдым əбден шынығып.
Ертелi-кеш жүгiрiп,
Суға жүздiм құнығып.
«Ендi, мiне, жеттi», –деп,
Ерлiк жасар кезең де.
Таң ата сап кеттiм де,
Бардым үлкен өзенге.
«Суға батқан бiреудi-ақ
Аңдып, бағып тұрайын.
«Құтқар», – десе дереу-ақ,
Жүзiп алып, шығайын».
Кездiм бойын өзеннiң,
Ешкiм:
«Құтқар» демедi.
Ерлiк жасар кезеңнiң
Бiр ретi келмедi.
Күнде ертемен барамын,
Бойын кезiп жағаның.
Батқан жоқ па?
Қарадым,
Ерлiк жасар баламын.
Құтқарғам жоқ, алайда,
Күте-күте шаршадым.
Қайткен күнде,
Қалайда,
Ерлiк жасау аңсарым.
Аңдып өзен бойында
Əлi күнге жүрмiн мен.
Ерлiк жасау ойымда –
Қиын бiрақ, бiлдiм мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шырша қаншада?

  • 0
  • 0

Жапырақ сарғайғаны –
Қартайғаны.
Қара шаш ағарғаны –
Қартайғаны.

Толық

Не?

  • 0
  • 0

Қанатбек қутыңдап,
Ауызы бұлтыңдап,
Қаужаңдап шайнайды,
Не жұтып қоймайды,

Толық

Мысық–тышқан

  • 0
  • 0

Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.

Толық

Қарап көріңіз