Өлең, жыр, ақындар

Шың басындағы оқиға

  • kz2015
  • 12.05.2015
  • 2
  • 22
  • 76432
Жасарал Ілиясовқа

Бір-бірінен көз айырмай үздігіп
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.
Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,
Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,
Енді өзің біл,
Сенсіз өмір жоқ маған! –
Деді сұлу жасаурап от жанары.
Жігіт те оған ырзалықпен,
Ерге біткен мырзалықпен
Жүрегінен жалын шаша қарады.
"Қандай бақыт түсініскен, сеніскен".
Біраздан соң, қиқу шықты еңістен –
Бұл, әрине, қуғыншының хабары.
- Нар тәуекел,
Келсе, келсін! –
Батыр жігіт томсарды,
Томсарды да, қанжарына қол салды.
- Жо-жоқ, күнім,
Қайсарланба бекерге,
Жалынамын,
Әкеме қол көтерме.
Жазмыш солай болған шығар,
Көнеміз.
Әттең, ерте қайырылады-ау кемеміз.
Енді бізге бір жүру жоқ,
Сондықтан, екеуміз де құздан ұшып өлеміз.
Тіршілікте жетпесек те мұратқа,
Ақыретке бір барамыз бірақ та.
Ант еткенмін алған серттен танбасқа,
Жасымасқа,
Жүнжімеске,
Талмасқа.
Өміріме шуақ құйған өзің, ең,
Өлімге де алдыменен сен баста!-
Деді ерні дір-дір етіп ақ маңдай,
Ақ маңдайы алауланып ақ таңдай.
Жігіт үнсіз бас изеді күлімдеп,
Тұңғиықтан шығар бір жол тапқандай.
Ақтық рет қызды құшып сүйді де,
Өлімге емес,
Тойға бара жатқандай
Шыңнан төмен қарғып кетті тоқталмай.
Қыз жылады құзға шағып зар-мұңын,
Қарғап, сілеп дүниенің тарлығын.
Секіруге сүйгенінің соңынан
Бірақ күші жетпей қалды сорлының.
Өзі берген сертін өзі сата ма,
Сатқандық па?
Атай көрме,
Атама!
Секіруге оқталғанда қайтадан
Өмір тәтті боп көрінді, О,тоба!
Ат терлете
Көктеп өтіп шатқалды
Біраздан соң қуғыншылар кеп қалды.
Қыз бейшара тұманданып көз алды,
Бір қызарды,
Бір сұрланды,
Бозарды.
Әбден қанып ұғынған соң мән-жайға
Қияқ мұртты қыз ағасы сөз алды:
- Әке, қызың күйе жақты данқыңа,
Күйе жақты ата-баба салтына.
Сатқындықтан жиренішті не болмақ
Таудың қайсар ұлағатты халқына.
Неткен азап қорлық жеңіп арыған
Қызыңды енді бөгеме, әке, жолынан,
Батаңды бер,
Сертін жықпай аттансын
Сүйгенінің соңынан.
Бұдан төте өткел бар деп іздеме,
Осы жеңіл өзіне де, бізге де. –
Сосын қызға бұрылып:
- Кәне, қалқам, неге тұрсың үдеріп?
- Әмин,- деді әкесі де түнеріп.
Кәрі көзін күдік қатқан
Ту еңісте жігіт жатқан
Құзар шыңның қойнауына жіберіп.
Қыз жылады:
- Арым да қан,
Жолым қан.
Қинамаңдар,
Солай болды сорымнан.
Өз еркіңмен өлу ерлік екен ғой,
Ондай ерлік келер емес қолымнан.
Перзентіңді ете көрме келеке,
Ая мені,
Ая мені, жан әке!
Ағасы айтты:
- Олай болса мін атқа,
Тағдыр сені салды дүлей сынаққа.
Сексендегі мәужіреген шалды ертіп,
Көзіңді құрт туған жерден жыраққа.
Көктем қоныс тепкендей-ақ іргемде
Шаттанушы ем, сен қасымда жүргенде.
Әкем сені шалға берем дегенде
Осы опасыз мінезіңді білген бе?
Тіршілікте ез адамға көп өлім,
Неге ғана, қуғыншы боп кеп едім.
Жігітіңді сүйгендігін шын болса,
Әкеме ара түсейінші деп едім.
Қайран жігіт жүрегіне нұр тұна
Өліп кетті сені тастап жұртына.
Кебек толы құмыраның келісті
Ішін көрмей,
Ғашық болып сыртына.
Тек ол өлім - өнегелі өр өлім,
Өр өлімнен шын ғашықтың құдіретін көремін.
Неге бізде еркін, ұзақ ғұмыр сүрген нар жоқ?
Нар жоқтығы –
Нарды жығар сен секілді жар көп.
Қалың жұртты мен екіге бөлемін:
Сүйе алатындар деп,
Сүйе алмайтындар деп,
Сүйе алмайтынына
Ұялмайтындар деп.
Сәтсіз бітті пенделікпен күресің,
Сен, әрине, соңғы топқа кіресің.
Сүйе алмаудың зор қасірет екенін
Пенделердің есіне сап жүресің.
Қарлы Кавказ артып саған ұлы айып
Аянышпен қарап тұрар мұңайып.
Шын сүюге қабілеті жетпеген
Әрбір адам мүсіркеуге лайық!



Пікірлер (22)

Гүлдана

Өте керемет маған қатты ұнады

Б. Дос

Шынайы талант, дарынды тұлға, 21 ғасырдың ең ұлы ғұламасы, халқының мәңгілік мақтанышы, ар, рухтың асқар азаматы - Мұхтар Шахановтың шығармаларына ешбір ақынның еңбегі жете қоймас.

Айман

Мен осы Мухтар Шахановтын шын басында окигасын ерекше жаксы корем.Бала кунымде мектеп кабыргасында журген кезде осы окигасын сахнада койылым ретинде койып,мен осы койылымдагы кыздын ролын сомдаган едим.Сосын осы рол аркылы гранд приды женип алган едик.Сондыктан шыгар журегыме оте жакын.

Шугыла

Мухтар Шахановтын отырар сазы коптеген олендерин жатка билемин бул кисинин олендерин окысан озине сеним рух пен жигер кайсарлык кайраттылык береди.Мухтар Шаханов кайталанбас дара да дана тулга бул киси ели ушин коп ерен енбеги синген онеге улги болатын тулга елим тилим диним деп жан урып ели ушин жан беретин жан.Озинин елине деген тугырлы тилине динине деген асем асерли адеми коркем сезими суйспеншилик мени танкалдырды.Мен ол кисиге деген курметим сезимим ерекше.Нагыз отанын суйетин жаны ашитын улги онеге дара тулга мен ушин.Сизге Аллам жар болып.Денсаулык бакыт жаксылык имандылык тилеймин.Жалпы барша мусылманга узак омир денсаулык жаксылык тилеймин.Баримизге Алла жар болсын

Улжан

Шаханов гасыр акыны.Осындай ултжанды,рухты,кайсар азаматты дуниеге акелген Анадан айналдым,Отырардай олкеден айналдым.

маржангуль

Музтар аганын еш оленин болип жармайм маган ол кисинин олендеринин бари унайды.олендеринде бир магына мен ащы шындык бар сондада да маган "шын басындагы окигасы "катты унайды

аянат

өте керемет маған ұнады

Асыланбек

бір ерекше əсер алдым(((

Жауһар

Өр тұлға, қазақ қамын жеген алашымның арланы!Осы ағамның өлеңдері арқылы қуаттанып,ұлтшылдық ,патриоттық сезімім оянады. Әр тақырыпты оқырманға жүрек түбіне жебе оғындай тура қадайды...

ЕЛДАР

Кереметттт

Динара

Тамаша. Студент болып жүргенде " Тауелсіздік аруы 2011" жарысында осы өлеңді мəнерлеп оқыдым. 1орын алдым. Бəрііі күшті

Асем

Керемет!Өте əсер етті маған!

зарина

Керемет! Мұхтар Шахановтың өлеңдерін өте жақсы көрем қатты ұнайды . ерекше әсер алдым

Ермекбанва мейрамкул

Бір байқауда 1993 жылы шың басындағы оқиға өлеңін айтқанмын. Арада25 жыл өтседе əлі күнге дейін жатқа білемін. Өте жақсы көремін ақын өлеңдерін

Жони

Қызға сауап болыптыжігітті бірінші өлтіріп соңынан өзі тірі қалды

Жазира

Мухтар Шахановтың осы олеңі маған катты унайды 20 ж бурын студент шагымда жаттаганмын алі кунгедеин арасында осы олеңдй жатка айтып келемн

Ардана

Бізде осының киносы бар:Мағам осы жаттау ұнайды:осы өлеңді мен жақсы көрем

Гулзат Омар

М Шахановтын олендерин жаттап остик десемде болады казирги жастарда ар Оленин окып жаттаса екен деген пкирим бар

Сауле

Мұхтар Шаханов ағайдың өлеңдері
маған қатты ұнайды жастайымыздан жаттап өстік Адамның рухын көтеріп күш жігер береді Осыны казіргі жастар оқыса ғой деймін АМАН БОЛЫҢЫЗ РАХМЕТ СІЗГЕ

Г. Е. Р

Мен бул оленге гашык болдым рахмет сызге

бакытбек

кун батканша отырдым шые басында карап турдым жана айдын тулгасына ары карай жазып бериниздерши

Бакытбек

Күн батқанша отырдым шың басында,қарап тұрдым жаңа айдың тұлғасына осы өлеңнің тақырыбы қандай екен таппай жатырмын

Пікір қалдырыңыз

Мәңгүрттенбеу марсельезасы

  • 0
  • 4

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.

Толық

Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы

  • 1
  • 3

Мальта қызы жиырма үшке толғанда
Иек артып арманға,
Жанары жайнап,
Шашына аляндр гүлінен жемелек байлап,

Толық

Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы

  • 0
  • 5

Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда.
Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға:
"Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл - мeнің өз анам".

Толық

Қарап көріңіз